377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жас офицерлер балы өтті

  • 231
  • UPD: 08:48, 13.12.2019
Қарағандыда жас офицерлер балы өтті

Қарағандылық офицерлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар форумында айтқан бастамаларын бір ауыздан қолдайды.

Кеншілер шаһарында болған жас офицерлер балына қатысушылар осы тұрғыда өз пікірлерін білдіріп, жан-жақты екендіктерін көрсетті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шара биыл тәуелсіздік күні қарсаңында өтті. Кешке өңірдегі құқық қорғау органдарының, әскери басқармалар мен бөлімдердің, төтенше жағдай қызметінің офицерлері қатысты. 

Еркеғали Жұмағалиев, ТЖД қызметкері:

- Форум болды. Сонда біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы волонтерлар жылы болады деді. Жақсы деп ойлаймын. Өйткені волонтерлар бізге, біздің жұмысқа көмектессе өте жақсы болады. Одан басқа волонтерлердің жұмысы еңбек өтіліне қосылса деп айтты. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені волонтерлар көбейе бастайды.

Хабар 24 телеарнасы