419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемен жастары кембағал жандарға арналған арнайы қосымша ойлап тапты

  • 431
  • UPD: 13:09, 15.12.2019
Өскемен жастары кембағал жандарға арналған арнайы қосымша ойлап тапты

Шығыстағы  еріктілер  интернет-хабарлама  арқылы   көмектің  кез келген түрін көрсетуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ол үшін  өскемендік жастар  ұялы телефонда  жарымжан жандарға арналған  арнайы қосымша орнатты. Сол қосымша  арқылы кембағал жандар үйіне инватакси шақырып, азық-түлікке де  тапсырыс бере алады. Қазір жүйе сынақтан өткізіліп жатыр. Техникалық  университеттің студенттері  цифрлық технология арқылы қызмет түрін жетілдіріп жатса, енді бір топ ерікті  жалғызбасты қариялардың  ауласындағы қарды тазалап жүр. Жалпы, әлеуметтік жағдайы нашар жандарды қолдауға арналған бұл жобаға жыл сайын  аймақта мыңдаған ерікті  қатысады.    

Шолпан Бауыржанқызы, ерікті:

– Менің ойымша, еріктілердің болуы өте маңызды. Себебі қазір қоғамда мұқтаж отбасылар саны аз емес. Сондықтан осындай отбасыларды тауып, көмектескен өте  маңызды. Қазір әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі болуы керек. Біз оқып жатырмыз, білім алып жатырмыз. Сондықтан жан-жағымыздағы ортамызға қарауымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы