414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік күні шымкенттік жастар баспанамен қамтылды

  • 613
  • UPD: 14:32, 16.12.2019

Тәуелсіздік күні түрлі салада жұмыс істейтін шымкенттік жастар баспанамен қамтылды. Бес жылға жалға берілетін бұл тұрғын үй бағдарламасы Жастар жылы аясында жүзеге асырылуда.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Бүгін су жаңа пәтерінің кілтін алған жастардың қуанышында шек жоқ. Жас азаматтарды қала әкімі арнайы құттықтап, тұрғын үй кілтін табыстады. 

- Бұл тұрғын үй бағдарламасының ерекшелігі жастарға өзінің болашақтағы жеке меншік үйінің бастапқы жарнасын жинауға мол мүмкіндік береді. Яғни жастарымыз пәтерден-пәтерге көшіп, ай сайынғы нарықтағы пәтерақының орнына 5-7 мың теңге көлемінде ғана төлемақы төлейтін болады. Бұл күні қаламыздағы медицина, білім және басқа да салаларда еңбек ететін 30 жас маман тұрғын үйге ие болды. Ал жыл соңына дейін  тағы 874 пәтер берілмек. 

Шымкенттік жастар үшін 900 пәтерден бөлінетін болады. Осылайша бағдарлама аясында 2704 жас жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек.

Хабар 24 телеарнасы