423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында күн электр станциясы іске қосылды

  • 822
Қызылорда облысында күн электр станциясы іске қосылды

Қызылордада іске қосылған күн электр станциясының алғашқы өнімі – 200 килловатт сағат, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құны 23 миллиард теңге болатын бұл жоба небәрі 7 айда шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асты. Жалпы аумағы 150 гектар жерге 150 мың дана күн панелі мен 14 инверторлық станция орнатылған. Өндіріс орнында 20 адам жұмыс істейді. Мамандардың айтуынша, мұндағы өндіріс көлемі облыс орталығы мен көршілес аудандарды электр энергиясымен қамтуға жетеді.

Артур Галямов, күн электр станциясының бас директоры:

– Қазір қыс мезгілі, желтоқсан айы өндірістік кезең емес. Негізгі өнім мамыр, маусым, шілде айларында алынады. Тәулігіне жоспар бойынша 200 мың киловатт сағатына электр энергиясын өндіру көзделіп отыр. Жыл соңына дейін 3 миллион киловатт сағатты құрайды деген болжам бар. Жалпы жылдық көлем шамамен 73 миллион киловатт сағатқа жетуі керек.

Хабар 24 телеарнасы