426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан елімізде пойыздардың 2400-ден астам шұғыл тежелу фактісі тіркелді

  • 554
  • UPD: 13:19, 23.12.2019
Жыл басынан елімізде пойыздардың 2400-ден астам шұғыл тежелу фактісі тіркелді

Темір жол төсемінің белгіленбеген жерлерінен кесіп өткен 1011 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде адамдардың болу себебінен – 622, жануарларға байланысты – 1704, автокөліктердің қатысуымен – 23, тоқтату кранын істен шығару бойынша – 80.

Мәселен, Петропавлск станциясында жүк пойызының машинисті адам қағуды болдырмау мақсатында шұғыл тежеу тетігін қолданды. Нәтижесінде, оқыс оқиғаның алды алынды.

Тексеру барысында, көлік полициясы қызметкерлері Петропавл қаласының 50 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 7575 теңге көлемінде 3 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

«Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында көлік полициясы қызметкерлері халыққа темір жол нысандарындағы тәртіп ережелерін түсіндіріп, түрлі алдын алу шараларын өткізіп тұрады» – деп атап өтті көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ!» тақырыбы аясында 3160 бірлескен алдын алу іс-шаралары жүргізілген. Оның ішінде халықпен жиын – 712, жолаушылар пойыздарындағы кездесу – 945.

Ақпарат көзі: Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы