376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елжан Біртанов «Nur Otan» қабылдауында тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады

  • 99
  • UPD: 14:41, 26.12.2019

Ел тұрғындарын медициналық көмектің сапасы алаңдатады.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында болып, азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл күні Нұр-Сұлтан қаласымен қатар бейнебайланыс арқылы еліміздің барлық өңірлерінен 30-дан астам адам өтініш айта келді. Азаматтар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және шетелде ем алуға қатысты жеке бас мәселелерімен де шағым айтты. Сондай-ақ науқастарды оңалту мәселелері бойынша да жүгінгендер бар. Еліміздің бас дәрігері, олардың шешімі бар екенін айтып, тиісті мамандарға тапсырма берді. Ал, кейбір өтініштерді бақылауда ұстайтынын айтты.

Гаухар Бисарина, ҚР Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы:

- Министр барлық сұрақтарға жауап берді. Денсаулық сақтау басқармаларына институттарға және сарапшыларға тапсырма беріп, барлық азаматтардың сұрауларын шешіп берді. Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында белгілі кесте бар. Онда министр, орынбасарларының қабылдауына жазылуға болады.

Хабар 24 телеарнасы