377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Documentolog: ақпараттық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

  • 184
  • UPD: 14:42, 26.12.2019

Documentolog компаниясы 12 жылдан астам уақыт бойы электрондық құжат айналымы жүйесін әзірлеумен айналысып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүйені пайдаланушылардың деректерін қауіпсіздікте сақтау әрдайым басымдыққа ие, сондықтан компания ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыс атқаруда.

Өткен жылдан бастап Documentolog компаниясы мемлекеттік органдар мен бизнес арасында электронды құжат алмасу қызметін енгізді, ал биылғы жылы ол Ресей нарығына шықты. Бұл мүмкіндіктер компанияға клиенттерінің деректерін қорғау үшін үлкен жауапкершілікті жүктейді. Сондықтан жүйе қауіпсіз болуы қажет.

Ернат Асанов, Documentolog компаниясы бас директорының техникалық сұрақтар бойынша бірінші орынбасары:

Біз жүйе пайдаланушыларының қай жерден жүйеге кіргенін көріп отырамыз. Егер пайдаланушы басқа елден немесе күдікті IP-мекенжайынан кірген болса, оған тосқауыл қоямыз. Егер де пайдаланушы бұрыс код енгізсе, біздің қауіпсіздік жүйемізде ол жағдай көрсетіліп, ақпаратты қорғауға тез арада әрекет етеміз.

Ақпараттық қауіпсіздік Documentolog жүйесінде 3 деңгейде қамтамасыз етіледі: инфрақұрылым, бағдарламалар деңгейінде және жүйені қолданушылар, яғни адамдар деңгейінде.

Бекзат Әбдірайымов, Documentolog компаниясы бағдарламалау бөлімінің директоры:

Біздің дата-орталықтар үш қалада орналасқан. Егер бір дата-орталықта оқыс оқиға болса, ақпарат жүйеден жоғалмайды. Оны басқа дата-орталықтар арқылы қалпына келтіре аламыз. Бұл – инфрақұрылым деңгейіндегі қауіпсіздік. Екіншісі – бағдарламалар деңгейіндегі қорғаныс. Сіз өзіңізге құпия сөзді тағайындаған кезде жүйе сізге жеңіл құпия сөздерді қоюға рұқсат етпейді. Үшіншісі – өз логиныңыз бен құпия сөзіңізді білгеннің өзінде де, жүйеге бірден кіре алмайсыз, себебі біз екі факторлы аутентификация жүйесін қолданамыз.

2020 жылы Documentolog өзге шетел нарықтарына шығуды көздеп отыр. Сол себепті жүйені одан әрі дамытып, оның ақпараттық қауіпсіздігін күшейту жұмысы үнемі жүргізіледі.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Жандос Битабаров

Хабар 24 телеарнасы