377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы қайғылы жағдайға байланысты шұғыл донорлар іздестіріліп жатыр

  • 175
  • UPD: 11:44, 27.12.2019
<span class=favorites>Алматыдағы қайғылы жағдайға байланысты шұғыл донорлар іздестіріліп жатыр</span>

Дәл қазір барлық қан тобы қажет.

Қанды қабылдау Алматы қаласында Бұхар жырау көшесі 47-үйде, ал Алматы облысы бойынша Қаскелең қаласы Абылайхан көшесі 42-үйде жүргізіледі.

Айта кетейік, гепатит, бруцеллез, сифилис ауруларына шалдықан және жүрек ақаулығы бар адамдарға қан тапсыруға болмайды. Бұған қоса есірткі мен алкогольге тәуелді дертке шалыққандарға да тыйым салынған. Толық ақпаратты donors.kz сайтынан біле аласыздар.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан 14 адам қаза тапқан. Әзірге жетеуінің ғана аты-жөні белгілі болып отыр. Сондай-ақ, зардап шеккен 23 адамның жеке бас мәліметі анықталды. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылды.

Еске сала кетейік, бүгін таңғы сағат 7:22 шамасында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Мемлекет басшысы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты Елбасы Н.Назарбаев қара жамылған  отбасылардың қайғысына ортақтасты.

Осыдан 6 жыл бұрын дәл осы Қызылту ауылы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Хабар 24 телеарнасы