377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мамин: Үкіметтік комиссия тергеудің алғашқы нәтижелерін 10 қаңтарға дейін әзірлеуі тиіс

  • 115
  • UPD: 19:55, 27.12.2019
Мамин: Үкіметтік комиссия тергеудің алғашқы нәтижелерін 10 қаңтарға дейін әзірлеуі тиіс

Апат себебін анықтау бойынша құрылған Үкіметтік комиссия тергеудің алғашқы нәтижелерін 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін әзірлеуі тиіс.

Бүгін елордада комиссия отырысын өткізген премьер-министр Асқар Мамин осылай деді.

Оның айтуынша, қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендердің барлығына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ жиынға төрағалық еткен Премьер-министр қайғылы оқиға кезінде қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандардың сауығуын тіледі. 

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:

- Бүгін барша қазақстандықтар Алматыдан ұшып шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарды күйзеліспен қабылдады. Үкімет мүшелерінің және жеке өзімнің атымнан қаза тапқандар жолаушылардың және экипаж мүшелерінің отбасыларының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жарақат алғандардың барлығына сауығып кетуін тілейміз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әуе апатынан қаза тапқандардың әрбір отбасына 4 миллион теңгеден бөлінеді. Сонымен қатар барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы