377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bek Air: билетті онлайн алғандар әуе компаниясына электронды пошта арқылы өтініш жіберуі тиіс

  • 172
  • UPD: 22:42, 27.12.2019

Bek Air әуе компаниясы 31 желтоқсанға дейін жоспарланған билеттердің ақшасын қайтарады.

Бұл туралы компания өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

«Билеттің толық құнын алу үшін оны сатып алған жерге бару керек. Билетті онлайн алған жолаушылар әуе компаниясына электронды пошта арқылы өтініш жіберуі тиіс», - делінген хабарламада.

Ал Bek Air билеттерін басқа рейстерге қайта рәсімдегенде компания баға айырмашылығын төлейді.

Айта кетейк, Алматы маңында болған ұшақ апатының мән-жайы анықталғанға дейін Bek Air компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Нұржан Малаев, «Қазақстан авиациялық әкімшілігі» АҚ департамент директоры:

- Барлық авиакомпания борттары толық. Қазір Bek Air әкімшілігі өз жолаушыларын жеткізу мәселесін шешіп жатыр. Бұдан бөлек, жолаушылар тасымалын реттеуге үшін Азаматтық авиация комитеті Air Astana мен Scat сынды өзге әуе компанияларына өтініш жіберілді.

Алматы маңындағы ұшақ апаты: оқиғалар хронологиясы

Хабар 24 телеарнасы