429,75 508,70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаш қаласында «Jas Orda» еріктілер орталығы ашылды

  • 612
  • UPD: 13:44, 28.12.2019
Балқаш қаласында «Jas Orda» еріктілер орталығы ашылды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында «Jas Orda» еріктілер орталығы ашылды.

Шаһардағы барлық еріктілер қозғалысының басын біріктіретін жаңа нысан келешекте төрт бағыт бойынша жұмыс жасамақ. Олар спорт, әлеуметтік және қоғамдық жұмыс, сондай-ақ экология. Орталық әсіресе, соңғысына басымдық бергелі отыр. Себебі өндірісті өлкенің экологиялық жағдайы көңіл көншітпейді. Жуырда белсенді жастар Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы арқылы 2 миллион теңге грант жеңіп алған. Ол қаржыға жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды сатып алыпты. Ғимарат ішінде жастардың қолы бос кезде спортпен шұғылдануына да барлық жағдай жасалған.

Аңсаған Аманкелді, «Jas Orda» еріктілер орталығының директоры:

- 25 волонтеріміз 4 бағыт бойынша жұмыс атқарады. Ол әлеуметтік, экологиялық, спорт және қоғамдық қозғалыс. Соның әрқайсының жетекшілері бар. Соған өздерінің ерікті жастарымен бірге жүйе құрауда. Қазір қаламызда 3 волонтерлық қозғалыс бар. Сол 3 қозғалыста 100-ден астам волонтер бар. Олардың барлығы бірігіп, қазір осы орталыққа жиналып, жоспарларын құруда.

Хабар 24 телеарнасы