426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал мен Қазалы маңындағы ауылдарды өзара жалғайтын көпір ашылды

  • 708
  • UPD: 17:50, 29.12.2019

Қызылорда облысында Сырдария өзенінің үстінен салынған жаңа көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 200 метрлік темірбетонды конструкция Қазалы мен Арал аудандарының елді мекендері арасында тікелей қатынасты қамтамасыз етеді.

Жетпіс жыл күткен көпір. Ауыл үлкендері осыншама жылдан бері өткел мәселесі өзекті болғанын айтады. Әсіресе күз бен көктем айларында қатынас үзіліп, жүздеген шақырым жерді айналуға тура келген. 

Болат Садуов, Қазалы ауданының тұрғыны:

- Бұл көпірдің өзі мен медицина саласында істегеннен кейін жол ақыретін талай көрдік. Абыржы кезінде де қиын болды. Ол талай ауруларды тасығанда ақыретті көрдік. Оны айтуға қазір адамның жүрегі ауырады. Ал қазір енді рахат, мінекей халық өзінің игілігіне пайдалансын. 

Көпірдің ұзындығы 220, ені 12 метр. Екі автокөлік жолағы бар және жаяу жүргіншілер жолы да қарастырылған. Құны 2,5 миллиард теңгеден асатын айтулы құрылысты мердігірелер 2 жылдай салды.  

Ерлан Әбдіқалықов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Осы 2 жылда қазір аяқтап, жақындап отыр. Бірақ дегенмен де әлі кішкене жасайтын жұмыстары бар дарияның арнасында. Халықтың сұранысына байланысты қазіргі таңда негізгі көпір өзі дайын. Үстінен халық қатынауға, көлік жүруге. Сондықтан қазір көлік жүрісі ашылып жатыр көпірдің үстінен. 

Бұған дейін тұрғындар дариядан күн жылыда қалқымалы көпірмен, қыста мұз үстімен жандарын шүберекке түйіп өтіп жүрген болатын. Сондықтан болар дарияның арғы бетіндегі 13 ауылдың 15 мыңдай тұрғыны бұл көпірді ғасыр құрылысына балап отыр.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Байділдаев

Хабар 24 телеарнасы