377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қызмет барысында қаза тапқандарға арналған мемориал ашылды

  • 165
  • UPD: 21:45, 31.12.2019

Петропавл қаласының өрт сөндіру бөлімінде қызмет барысында қаза тапқан азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне мемориал ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараның дәл 31 желтоқсанда өтуі бекер емес. Себебі осыдан тура төрт жыл бұрын 27 жастағы Алтынбек Әбдірахманов қызметтік міндетін орындау кезінде опат болған еді. Шараға жиналған марқұмның туған-туыстары мен әріптестері мемориалға гүл қойып, азамат жайлы жылы лебіздерін айтты.

Зүбәйдә Әбдірахманова, Алтынбек Әбдірахмановтың әжесі:

– Алтынбегімді өлген жоқ деп есептеймін. Жанұяларыңызда аман болыңыздар. Алтынбегім жалғыз немерем еді. Сіздер де бағалап жатсыздар. Көп-көп рақмет. Жалғыз менікі емес екен. Бүкіл елдікі. Өмір зымырап өтіп жатыр. 4 жыл өтіп кетіпті. Енді өмірге келтіре алмаймын күн-түн жыласам да.

Хабар 24 телеарнасы