381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде АӘК жаңа жүйесі бойынша құжат төрт орталықта қабылданады

  • 204
  • UPD: 10:10, 03.01.2020

Елімізде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың ережесі өзгерді. Енді отбасының жалпы кірісі мен кедейшілік шегі есептеліп, айырмашылығы төленетін болды. Жаңа жүйе бойынша Ақтөбеде өтініштер қабылдау төрт орталықта жүргізіледі. Мұнда атаулы көмек түрлерінен өзге көп балалы жанұяларға берілетін жәрдемақылар туралы да түсіндірілетін болады. Биыл өңір бойынша 14 мыңнан астам отбасы қолдау шараларымен қамтылмақ.

Үш баланың анасы Елена Кандыба отбасының бар қажеттілігін бір өзі қамтып келеді. Былтырғы мамырдан бері атаулы әлеуметтік көмек алуы үлкен қолдау болғанын айтады. Себебі қаладағы көлік жуу орындарының бірінде жұмыс істейтін Еленаның табысы жолақы мен азық-түліктен басқаға жетпейтін. Жалғыз басты ана биылда көмек алатынына үмітті. Жаңа жылдан бастап, жаңа ереже болатынын естіген ол тиісті органдарға хабарласып біраз ақпарат алған.

Елена Кандыба, қала тұрғыны:

- Мамбалама 72 мың теңгеден аса атаулы әлеуметтік көмек алып отырдым. Отбасымыз үшін пайдасы зор болды. Енді биылда берілетініне сенімдімін. Өйткені, біз жаңа ережеде көрсетілген барлық талапқа да сәйкес келеміз. Жауапты мекемелерге хабарласқанымда барлыөқ өзгерістерді түсіндірді. Енді бірер күнен кейін барып өтініш беремін.

Жаңа ережеде былтырғы жүйемен салыстырғанда бірқатар өзгеріс бар. Атаулы әлеуметтік көмек тек мұқтаж жандарға ғана беріледі. Ал өткен жылдағыдай бала басына онмыңдаған қаражат бөлінбейді. Отбасының кірісі мен кедейшілік шегінің сомасы негізге алынып, айырмашылығы ғана төленеді.

Бұлбұл Елеусінова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Отбасының табысы осы кедейшілік деңгейінен төмен болатын болса, ол отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. Егер отбасының табысы 100 мың теңге болатын болса, бұл отбасында 5 адам тұратын болса, ендеше ол табыс бес адамға бөлініп, ол әрқайсысына 20 мың теңгеден. Ендеше кедейшілік деңгейі 20 107 бүгінгі күнге белгіленген. Ендеше отбасының ір мүшесіне 107 теңге көлеміндегі айырмашылығы ғана төленеді. Осыны біз ескеруіміз қажет.

Мамандардың айтуынша, көмек тағайындаудың жаңа ережесі отбасы мүшелерін еңбек етуге, кәсіп бастауына бағытталған. Ол үшін де қолдау  көрсетіледі. Сондай-ақ, жанұядағы 6 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік пакет қарастырылған. Ал, көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшері едәуір өскен.

Бұлбұл Елеусінова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

- Бұрын отбасына келетін табысқа сәйкес, отбасына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын болса, биылғы жылдан бастап отбасында 4 және одан да жоғары балалары болатын болса әр балаға 10 065 жәрдемақы тағайындалатын болады. Бұл жерде отбасының табысы ескерілмейді.

Атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алуға қатысты өтініштерді қабылдау Ақтөбеде 5 қаңтарда басталмақ. Бұл үшін төрт орын әзірленген. Оның арасында қала аумағындағы аудан әкімдіктері де бар.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Болат Молдағалиев

Хабар 24 телеарнасы