380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл ID әлеуметтік картасы іске қосылады

  • 92
Биыл ID әлеуметтік картасы іске қосылады

Былтыр елімізде 2 млн-ға жуық адамға 64 млн теңгеге әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетілген.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Қазіргі уақытта ID әлеуметтік картасын жүзеге асыру үшін жұмыс жүргізілуде.

«Екі өңірде жылдың аяғына дейін ID әлеуметтік картасын іске қосуымыз керек. Сол арқылы барлық әлеуметтік төлемдер төленетін болады. Оның барлығының қайда жұмсалғанын ашық қарап отыруға мүмкіндік беріледі», - деді Бердібек Сапарбаев.

Айтуынша, былтыр Қазақстанда көп балалы аз қамтылған отбасыларға  8400 пәтер берілген.

Хабар 24 телеарнасы