376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жемістердің арасынан дәріге ұқсас белгісіз зат табылды

  • 124
  • UPD: 09:19, 10.01.2020
СҚО-да жемістердің арасынан дәріге ұқсас белгісіз зат табылды

Солтүстік Қазақстанда жемістің арасынан дәріге ұқсас белгісіз зат табылды.

Мұндай препараттарды Тайынша ауданының тұрғыны алма, мандарин және алмұрттың ішінен тауып алған. Бірден полицияға хабар беріпті. Алайда, бұл жемістердің өңірге қайдан  және қанша мөлшерде әкелінгендігі әзірге белгісіз. Қазір осы дерекке қатысты  полицейлер қылмыстық іс қозғалды. 

Сән Жұмағазина, облыстық ПД бас маманы:

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізілуде. Тергеуге мүдделі ведомстволардың мамандары тартылып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Солтүстік қазақстан облыстық полиция департаментінің және облыс прокуратурасының басшылығы сотқа дейінгі тергеудің жүргізілуін бақылауға алды.

Хабар 24 телеарнасы