376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттің шағын ауданындағы халық ауыз суға жарымай отыр

  • 132
  • UPD: 20:41, 13.01.2020

Шымкент қаласының шетіндегі «Жаңаталап» ықшам ауданының халқы 15 жылдан бері ауыз суға қол жеткізе алмай отыр.

Бұрын Сайрам ауданына қараған әкімшілік аймақтың тұрғындары тіршілік нәрін құдықтан алады. Алайда оның сапасы сын көтермейді екен. Көпшілік ертеректе ұңғымадан келетін суды тұтынатынбыз,- деп еске алады. Бірақ, ол нысан кейіннен жекенің қолына өтіп кетіпті. Ал, 2011 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасымен құбыр тартылған. Жұмыс сапасыз жүргізілгендіктен су жеткілікті көлемде келмейді. Тұрғындар су берілгенде ыдыс-аяққа толтырып алуға мәжбүр.  Қалыптасқан жағдайды Парламент мәжілісінің депутаттары,  «Нұр Отан» фракциясының өкілдері өз бақылауына алды. Халық қалаулылары өзекті мәселе жақын күндері шешілетінін жеткізді. 

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Әрине мынау қаланың аумағына қосылғаннан кейін пробелмалардың болуы заңды да, бірақ соны неге жеделтетіп шешпейді деген мәселе бар, бұл жерде атап өтетін ең басты мәселе  ауыз су мәселесі және газ мәселесі. 

Ақыш Омарова, қала тұрғыны:

- Бізге келетін судың сапасы өте нашар, шелектеріміздің іші демде көгеріп кетеді, беттерінің бәрі қаймақтанып кетеді, кей кезде мусор аралас келеді суларға.

Хабар 24 телеарнасы