376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да медициналық сақтандыруға 29 млрд теңге бөлінді

  • 123
  • UPD: 22:37, 14.01.2020
ШҚО-да медициналық сақтандыруға 29 млрд теңге бөлінді

Шығыс Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 29 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қомақты қаражат медициналық ұйымдардың техникалық базасын нығайтуға, ұжымды оқыту шараларымен және кең жолақты интернетпен қамтуға жұмсалмақ. Қаражат оңалту шаралары мен стоматологиялық қызметтерге де бағытталмақ. Жоспарлы тіс емдеу шаралары 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге тегін көрсетіледі. Бас-аяғы тұлғалардың 10 түрлі санатына тиесілі болмақ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Жанғарашева мәлімдеді. Мамандар емханаларды аралап, дәрігерлермен кездесті. Сонымен қатар жаңашыл жүйені енгізу, анықтамалық бекет пен ақпараттық-оқу материалдардың әзірлігін де тексерді.

Мақсұт Құлжанов, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің аға ғылыми қызметкері:

Министрлік қазір реабилитация көмегіне көп көңіл бөліп жатыр. Соған қосымша қаржы бөлініп жатыр. Соны медицина жүйесі қалай іске асырады, қандай проблемалар бар, соны да қарап отырмыз. Ең бастысы, жаңа жүйенің дәл ортасында адам, ауру адам, оған қандай көмек көрсету керек, қандай сапа деңгейінде көрсету керек, оған қандай ресурс керек, соны талқылап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы