378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Көкшетау-1» станциясының басшысы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

  • 80
  • UPD: 16:46, 15.01.2020
«Көкшетау-1» станциясының басшысы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақмола бөлімшесінің «Көкшетау-1» станциясының бастығы сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк тасымалы жолының Ақмола бөлімшесінің «Көкшетау-1» станциясының бастығына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол өзінің орынбасарымен жұмыс орнында мас күйінде болу фактісінің анықталуына байланысты жұмыстан шығармау және жалпы қамқорлығы үшін осы станцияның қызметкерінен астыртын пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

Хабар 24 телеарнасы