378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кадрлық резервтегі жастардың бір тобы жұмысқа орналасты

  • 111
  • UPD: 20:09, 15.01.2020
Кадрлық резервтегі жастардың бір тобы жұмысқа орналасты

Ұлттық экономика министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервіне өткен 10 адамды жұмысқа алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ведомостваға барлығы 100-ден аса өтініш түскен. Олардың жобалары іріктеуден өтіп, министрліктің алдағы жұмысына септігін тигізеді дегендері таңдалды. Алдағы уақытта ерекше жобалар болса, біз оларға қолдау көрсетуге дайынбыз», – деді министр.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

– Біз сіздердің жұмыс тәжірибелеріңіздің жоғары екенін білеміз. Сіздер өте үлкен сынақтан өттіңіздер. Барлығыңызды құттықтаймын. Алдағы уақытта мықты мамандармен жұмыс жасауға министрлік дайын.

Хабар 24 телеарнасы