417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында халықтың 11 процентінде МӘМС мәртебесі жоқ

  • 250
  • UPD: 13:50, 16.01.2020
Павлодар облысында халықтың 11 процентінде МӘМС мәртебесі жоқ

Ертіс өңірінде 83 мыңнан астам азамат сақтандырылмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – облыс халқының 11%-і. Оның ішіндегі 14 мыңнан астам өзін өзі қамтыған тұрғын міндетті медициналық әлеуметтік сақтандырудан тыс қалып қоюы мүмкін. Яғни, жалдамалы мамандар медициналық мәртебесін анықтай қоймаған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаеваның облысқа жұмыс сапары барысында белгілі болды. Салалық ведомство өкілдері емдеу мекемелерінің жұмысымен танысып, жаңашыл жүйеге дайындығын пысықтады. Ақпараттық жүйелердің мүмкіндігі мен медициналық қызметтердің қолжетімділігіне сараптама жасалды.

Айта кетейік, міндетті жүйеге халықтың 11 санаты жатады. Өңірде мемлекет тарапынан төлем жасалатын бұл санатқа 400 мыңға жуық халық жатады. Бүгінде олардың барлығы сақтандырылған. Мамандардың айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі жөніндегі ақпараттық шаралар тиісті деңгейде жүргізілгендіктен, халық тарапынан түсінік бар. Оған қоса, жергілікті медициналық мекемелердің инфрақұрылымдық жүйесі жаңа жүйемен жұмыс істеуге әзірлігі жақсы.

Лязат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

- Аймақтың медициналық инфрақұрылымы дамығанны айтып өту керек. Дайындық көңіл көншітерлік. Дегенмен, жұмыстар тоқтамауы тиіс. Ең бастысы, қызмет түрлері халыққа қолжетімді болуы керек. Мәртебесі анықталмаған азаматтардың жұмыс берушілерімен тиісті шаралар қолға алынды. Салада ешқандай мәселе туындамауы қажет.

Хабар 24 телеарнасы