377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр еңбек инспекторлары 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

  • 85
  • UPD: 14:00, 16.01.2020
Былтыр еңбек инспекторлары 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 1 771 кәсіпорынның 43,3 мың жұмыскер алдында жалақы бойынша 6,1 млрд теңгеден астам берешегі бар екенін анықтады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 5,4 млрд теңге төленді.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1 285 нұсқама беріліп, 141 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жалпы 2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9 513 тексеру жүргізді, 12,9 мыңнан астам ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 467 млн теңге сомаға айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы