428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте бала құқығын қорғауға қатысты заң жобасы талқыланды

  • 527
  • UPD: 20:46, 20.01.2020
Мәжілісте бала құқығын қорғауға қатысты заң жобасы талқыланды egemen.kz

Мәжіліс депутаттары Балалар құқығын қорғауды көздейтін жаңа заң жобасын әзірлеуді қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжатта әлеуметтік бағытқа басымдық беріледі. Бұл туралы Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мемлекеттік орган өкілдерімен кездесуінде айтылды.

Еске салайық, былтыр елімізде балалар құқығын қорғау туралы заң қабылданған. Оған сай өмірлік қиын жағдайға тап болған бүлдіршіндер енді полицияда ғана тіркеуде тұрмайды. Енді оларға психологтар мен педагогтар және медициналық қызметкерлер де жан-жақты көмек көрсетеді. Әзірге бұл механизмнің нақты қалай жұмыс істейтіні анықталып, жетілдіріліп жатыр.

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өткен жылы депутаттардың бастамасымен заң қабылданды. Ол 2019 жылдың бірінші сәуірінен бастап жұмыс істеп келеді. Қазір бұл заңның жүзеге асу барысын депутаттар аймақтарға шыққанда мониторинг жасап, зерттеп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы