377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақбөкенді атқан «Охотзоопром» қызметкерлері ұсталды

  • 99
  • UPD: 15:42, 22.01.2020
Ақбөкенді атқан «Охотзоопром» қызметкерлері ұсталды bugin.kz

Автокөлікті тексеру кезінде полиция қызметкерлері өлі жануар денесі табылды.

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қармақшы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және «Охотзоопром» РМҚК өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде 16 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 17:47 шамасында Қызылорда облысы Қармақшы ауданынан 15 шақырым жерде орналасқан Тышқантам аймағында «Охотзоопром» РМҚК «Ланд Крузер ЛХ76» маркалы қызметтік автокөлігі тоқтатылды, деп хабарлайды polisia.kz.

Полиция қызметкерлері артқы бамперде қан іздерін байқап, жүргізушіден жүк салғышты ашуды талап еткен. Бірақ автокөлік жүргізушісі және жанында отырған «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-нің екі қызметкері полицейлердің талаптарына бағынудан бас тартып, оқиға орнынан автокөлікпен ізін суытқысы келген.

Полиция қызметкерлері қашқан автокөлікті «Охотзоопром» тұрағында ұстаған. Автокөлікті тексеру барысында салоннан 1 дана тегіс ұңғылы қару, пышақ және прожектор табылып заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Сонымен қатар автокөліктің артқы жүк салғышынан 1 дана ақбөкен аңына ұқсас өлі жануар денесі анықталды.

Ұсталғандардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, ал қалғандарына қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешілуде. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2,4-тармақтары бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу, адамдар өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы