435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі 9 облыстың 48 учаскесінде жол жабық

  • 202
  • UPD: 11:54, 23.01.2020
Елдегі 9 облыстың 48 учаскесінде жол жабық

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республиканың барлық аумағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің 9 облысының 48 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері мен ТЖҚ қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қажетті жедел көмек көрсету үшін күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Автожолдардағы жағдай өте қолайсыз екенін ескертеді және азаматтардан жолға шығудан бас тартуды сұрайды. Төтенше жағдайлар саласының мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ел бойынша 749 техника бірлігі іске жұмылдырылды. Сала мамандары жолаушылар мен тұрғындарды барынша сақ болуға шақырады. Қиындық туындай қалған жағдайда 1403 қысқа телефон нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрауға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы