375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында қасқыр атқан тұрғын ұсталды

  • 140
  • UPD: 14:38, 24.01.2020
Ақмола облысында қасқыр атқан тұрғын ұсталды

Ақмола облысында жыртқыш аң атуға мораторий жарияланғанына қарамастан ер адам қасқыр атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Степногорск қаласының 57 жастағы тұрғыны «Лесостепное» орман шаруашылығы аумағында қасқыр атқан. Дерек ҚР ҚК 337-і бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, Қазақстанның бірақтар өңірінде қасқыр атуға мораторий жарияланды. Оның ішінде Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары аумағындағы елді мекендерде қасқыр тек үй жануарларына шабуыл жасаса ғана атуға рұқсат етіледі.

6 қаңтардан бастап, облыс аумағында «Браконьер» жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр. Осы аралықта табиғатты қорғау полициясы тарапынан 140 әкімшілік және 5 қылмыстық іс қозғалды. Еске сала кетсек, 2020 жылы республика бойынша жалпы 4 824 қасқыр мен 11 733 шибөрі атуға рұқсат берілді.

Хабар 24 телеарнасы