381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да екі мектепте карантин жарияланды

  • 128
  • UPD: 16:22, 24.01.2020
ШҚО-да екі мектепте карантин жарияланды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жедел респираторлық-вирустық инфекцияның өршуіне байланысты екі мектепте карантин жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқушылар арасында ЖРВИ-ға шалдыққандардың саны күрт өсуіне байланысты № 6 және № 8 орта мектептерде карантин жарияланды», – деп хабарлады Алтай қалалық білім бөлімі. Бұған дейін бұл білім ордаларында 600-ге жуық оқушы сабаққа келмеген болатын. Осыған орай медициналық тексеру жүргізілген. Соның қорытындысы бойынша, карантин жариялау туралы шешім қабылданды. Білім бөлімінің мәліметіне сүйенсек, карантин әзірге қаңтар айының аяғына дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы