430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Біз біргеміз»: елордада волонтерлар 1000-нан аса көшені қардан тазалады

  • 992
  • UPD: 10:06, 25.01.2020

Жастар ресурстық орталығы коммуналдық сала қызметкерлеріне қолдау көрсету мақсатында «Біз біргеміз» акциясын бастады.

Еріктілер бастамасымен 1000-нан аса көше қардан тазартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Штабқа 2000-нан астам волонтер тіркелген.

Волонтерлардың бастамасымен 1000-нан аса көше қардан тазартылды. Олар үшін жыл басы республикалық «Біз біргеміз» челленджімен басталды. Акция аясында көптеген ұйымдар, оның ішінде «Жігер спорттық клубы», Ардагерлер кеңесінің ұжымы және «Астана жастары», мүмкіндігі шектеулі жандардың ауласын тазартуға үлес қосты.

Азамат Хамза, «Жігер спорттық клубының» басшысы:

- «Жігер спорттық клубының» спортшылары мен жұмыскерлері келіп, «Біз біргеміз» деген челленджі қолдап, көмектесіп жатырмыз. Байқоңыр ауданындағы бір атамыз бен әжеміздің үйіне келіп, қар тазалап жатырмыз. Сондықтан барша қазақстандықтарды, барша азаматтарды осы челленджді қолдап, белсене қатысуын сұраймыз. Қазақстан алға, Қазақстан біздің еліміз.

Сондай-ақ штабта төтенше жағдайға дайындайтын арнайы бөлім де ашылды. Бұл жерде жастарды спорттық және мәдени тұрғыда дамытуға басымдық беріледі. Волонтерлар қатарында боламын деушілерге ақпан айынан бастап тіркеу басталады

Ақерке Ақтай, «Астана жастары» ресурстық орталығы басшысының орынбасары:

- Ол үшін «Астана» жастар волонтерлар бөліміне келіп, анкета толтырасыз, анкета толтырғаннан кейін сіздердің құжаттарыңыз бізде қалады. Сол волонтердың мағлұматтары елорда жастарының базасында болады. Сіздер барлық болатын акцияларды біліп отырасыздар. Өзіңізді қызықтыратын акцияға волонтер ретінде қатысуыңызға мүмкіндігіңіз бар. Сондықтан жастарды, басқа да жас ерекшелігі бар адамдарды біздің «Астана» жастары волонтері болуға шақырамыз.

Еске сала кетейік, аталмыш челленджді белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай бастап, оны әзіл-сықақшы Тұрсынбек Қабатов қолдады.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ерлан Наурызбаев

Хабар 24 телеарнасы