376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

  • 77
  • UPD: 14:30, 27.01.2020
Ақмола облысында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Ақмола облысында өткен аптада боранның салдарынан жолда қалған 300-ге жуық адам құтқарылған. Ал олардың 21-і бала.

Қар құрсауында қалғандардың көбі дауылды ескертуді елемей жолға шыққандар. Ал құтқарушылар мен полицейлер қазір күндіз-түні күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Құтқару жұмыстары барлық аудандарда жүргізіліпті. Мамандардың айтуынша, ең қиын жағдай Ерейментау ауданында болған. «Нұр-Сұлтан-Павлодар» бағытындағы жол қалың қардың салдарынан әлі жабық тұр. Бірақ жолда қалған көліктерді құзырлы органдардың мамандары діттеген жерлеріне аман-есен жетулеріне көмектесуде. Алайда облыстың бірқатар жолдарында жүздеген көлік әлі қар құрсауында жатыр. Оларды қардан шығару үшін 150 техника жұмылдарылған дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы