376,49 406 5,86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО елдерінен келген көліктерге уақытша мемлекеттік нөмір беріледі

  • 183
  • UPD: 22:07, 27.01.2020

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген автокөліктерге арнайы мемлекеттік нөмір мен техникалық құжат беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 2021 жылдың бірінші наурызына дейін ғана жарамды. Осы аралықта көлік иелері утилизациялық және БАЖ салығын төлеп, темір тұлпарын заңдастыруы тиіс. Төлемдер көліктің шыққан жылы мен қозғалтқышының көлеміне қарай белгіленеді. Одақ елдерінен көлік әкелгендер осы мүмкіндікті пайдаланбаса, келер жылдың бірінші наурызынан бастап сол көліктерімен Қазақстан ішінде жүруіне рұқсат етілмейді.

Айта кету керек, бүгінге дейін Армениядан Қазақстанға 22 мыңнан астам автокөлік әкелінген. Олардың ішінде Қазақстанның техникалық талаптарына сай келмейтіндері де бар. Олар тіркеуге мүлде қойылмайды.

Марат Қожаев, ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары:

– Бізде рөлі оң жақты көліктерді кіргізуге болмайды. Ол жаңа шығып жатқан нәрсе емес. Ондай заң 2008 жылы қабылданған. Қазір Армениядан кіргізген көліктердің 10 проценті оң жақты машиналар. Қалғаны сол жақты.

Армения мен Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа қосылған кезде, БАЖ салығын арзан күйде сақтауға жеңілдік алған. Бірақ сол жеңілдікпен кірген тауар немесе көлікті одақтың өзге елдеріне сатуға тыйым салынады. Соның негізінде бұл елдердің көліктері Қазақстан азаматына сенімхат арқылы да берілмейді. Ал ресейлік көлікті сенімхат арқылы алғандар бір жыл ішінде ел аумағынан 30 күнге шығуы тиіс. Осы уақытта олар көлікті техникалық тексеруден өткізіп келуі керек.

Хабар 24 телеарнасы