412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарға байланысты даурығуға себеп жоқ – А.Көлгінов

  • 404
  • UPD: 00:20, 29.01.2020

Бір аптаның ішінде жолда қалған мыңнан астам адам қар құрсауынан құтқарылды. Қазір бірінші кезекте қалаға кіретін-шығатын жолды тазалауымыз қажет.

Биыл ақ ұлпа былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 есе көп жауған. Қазір коммуналдық қызмет күшейтілген режимде тәулік бойы жұмыс істеуде. Біздің арнаға берген сұхбатында елорда әкімі Алтай Көлгінов осылай деді. Қар тазалау жұмыстарымен «Астана тазалық» кәсіпорынынан өзге 60 мердігер мекеме айналысып жатыр. Бұл жұмыстарға қатысқан жұмысшылардың барлығына қосымша сыйақы беріледі. Кеше қалада төтенше жағдай жарияланған кезде қала басшысы Араб әмірлігінде іссапармен жүрген еді. Осыған қатысты түрлі пікір айтылған болатын.

Әкімнің айтуынша, «даурығатын ештеңе жоқ, себебі қар тазаланады, ал бізге инвесторлар тарту қажет». 

Сұхбат барысында қоғамдық көліктерің қатынасы туралы да айтылды. Қала әкімінің айтуынша, бұл жағдайға жуырда жабылып қалған нөмірі екінші автопарктің қатысы жоқ. Оның бағыттары өзге автопарктерге бөлініп берілген.

«Әкімдік алдында өз міндетін атқара алмаған мұндай мекемелер өзгелерге сабақ болуы тиіс» деді Алтай Көлгінов. Сондай-ақ қала басшысы көктемгі су тасқынынының алдын алу үшін дайындық шараларына дайын болу қажеттігін де айтты.

Хабар 24 телеарнасы