420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында боранда қарға көмілген көліктер шығарылды

  • 573
  • UPD: 13:47, 30.01.2020
Ақмола облысында боранда қарға көмілген көліктер шығарылды

Ақмола облысында боран басталғалы 400-ден астам көлік қар астында қалып қойған. Олардың барлығы қазір шығарылды.

Арасында тіпті медициналық жедел жәрдем көліктері де болған. Ал бұл жұмысқа төтенше жағдайлар қызметінің мамандарынан бөлек, полицейлер, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, еріктілер мен жергілікті халық та атсалысыпты. Көміліп қалған көліктердің көбі Ерейментау және Целиноград аудандарының аумағында кездескен. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 3 метрге дейін жеткен. Абырой болғанда, барлығы қар астынан шығарылды. Енді аймақта жолдарды жаппай қардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр. 

Алексей Советов, облыстық ТЖД басшысы:

- Мен осы тұста бізге көмектескен волонтёрлер мен ауыл тұрғындарына арнайы алғыс айтқым келеді. Олар көліктерді шығаруға ғана емес, құтқарушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге де қол ұшын созды. Енді далада 9 көлік қана қалып отыр. Олар Ерейментау мен Целиноград аудандарының аумағында қалған. Бүгін ол техникаларды да қар құрсауынан алып шығамыз.

Хабар 24 телеарнасы