375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан жоғары дене қызуымен келген 38 жолаушы дәрігерлердің бақылауында

  • 112
  • UPD: 20:10, 30.01.2020
Қытайдан жоғары дене қызуымен келген 38 жолаушы дәрігерлердің бақылауында

Еліміз бойынша жедел респираторлық-вирустық инфекция күдігімен 38 адам ауруханада жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Қытайдан жоғары дене қызуымен келген 54 жолаушы медициналық тексеруден өтті. Оның 16-да бұл диагноз анықталған жоқ. Барлық науқастан ерекше зертханалық сараптама алынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Қаңтардың 6-сынан бері аспан асты елінен 20 мың 500 ден аса адам келген. Олар жұқпалы дерттің беті қайтқанша, дәрігерлердің бақылауында болады. Сондай-ақ сала басшысы күн сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан ақпарат алып отыратындығын және халықты дәйекті дерек көздеріне ғана сенуге шақырды.

Айта кетейік, министрлік шекара бекеттері мен әужайлардағы жолаушыларды бетпердемен қамтамасыз ету мәселесін де қарастырып жатыр. Жалпы ел тұрғындарының маскаға деген қажеттілігі – 2 млн дана. Бірақ қазір эпидемиологиялық жағдайға байланысты дәріханалар мен медициналық мекемелерге тағы 5 млн дана бетперде әкелінеді. Министр қауіпті дерттің алдын алу мақсатында 10 мың орынға лайықталған қосымша медициналық орындар әзірленгенін де жеткізді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Коронавирус көз арқылы жұға ма деген сұрақ бар. Жалпы санитарлық нормаларды сақтауымыз қажет. Қолымызды жуып жүруіміз қажет. Кейбір өңірлерде коронавирус шықты деген ақпарат шықты. Біз оны таратып жатырмыз. Ол жалған ақпараттар. Қазір мұндай ауру тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы