423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирусқа қарсы ДСҰ ұсынған барлық дәрі-дәрмек бізде бар – Бекшин

  • 557
  • UPD: 18:31, 03.02.2020
Коронавирусқа қарсы ДСҰ ұсынған барлық дәрі-дәрмек бізде бар – Бекшин

Елімізде коронавирус жұқтырды деген күдікпен 46 адам ауруханда жатыр. Алтыншы қаңтардан бері Қазақстанға келген жолаушылардың 89-ы оқшауланған блоктарға орналастырылған.

Олардың 43-і үйіне шығарылды. Бірақ барлығы 14 күн бойы мамандардың бақылауында болады. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Бекшин шетелден келген жолаушылардың қызуы көтеріліп, тұмау белгілері байқалса аурухана жағалап уақыт жоғалтпай, бірден 1406 номеріне хабарласуды сұрайды.  Ал ауруханалардан алынған сынамалар қосымша бақылау үшін Алматыдағы ұлттық ғылыми ерекше жұқпалы аурулар орталығына жіберіледі.

Жандарбек Бекшин, ҚР Бас санитарлық дәрігері:

- ДСҰ ұсынған барлық дәрі-дәрмек Қазақстанда бар. ДСҰ ұсыныстары мен ақпаратын ескере отырып, жаңа коронавирустың инфекцияның алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша ұсыныстар дайындайтынымызды хабарлаймыз.  Сондай-ақ біз басқа елдердің ұсыныстарын да бақылап зерттейміз.

Хабар 24 телеарнасы