411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны жағынан елімізде алдыңғы үштікке енді

  • 372
ШҚО қатерлі ісікке шалдыққан науқастар саны жағынан елімізде алдыңғы үштікке енді

Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісік бойынша 18 мыңға жуық адам ресми тіркеуде тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылына 4 жарым мың адамнан аты жаман ауру анықталады. Соңғы үш жылда әсіресе, Өскемен өңіріндегі тұрғындар көп шалдыққан. Дегенмен дәрігерлер бұдан қорқудың қажеті жоқ деп отыр. Себебі бұрынғыдай емес, қазір ауру алғашқы сатысында  анықталады. Сондықтан емдеуге де мүмкіндік мол. Өскемендегі онкологиялық диспансерде сәулемен емдеу орталығының ашылуы өз нәтижесін бере бастады. Орталықта жылына бірнеше мың тұрғын ем қабылдайды. Ол үшін адамның бүкіл ағзасын тексеруден өткізетін ең соңғы үлгідегі медициналық құралдар алынды. Ал дәрігерлер Ұлыбритания, Германия және Израиль мемлекетіне барып оқып келді. Нәтижесінде науқастар өңірдің өзінде емделіп жатыр.

Арман Мұқажанов, облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Әлемдік тәжірибеде қатерлі іскке шалдыққан науқастың 70-80 проценті емделген соң аз дегенде 5 жылға дейін өмір сүреді. Біз де қазір осы көрсеткішке жақындап келеміз. Дер кезінде анықталса, біздегі науқастардың 50-51 проценті емделеді.

Хабар 24 телеарнасы