421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық киім-кешекке деген сұраныс қандай

  • 542
  • UPD: 11:43, 04.02.2020
Отандық киім-кешекке деген сұраныс қандай

Қазақстанға 11 айдың ішінде 576 млн АҚШ доллары болатын киім-кешек импортталды, деп хабарлады energyprom.kz.

Өткен жылы Қазақстанда 42,34 млрд теңгеге киім шығарылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,8%-ға көп (2018 жылы бұл көрсеткіш 35,34 млрд теңгені құрады).

Өнімнің жалпы көлемінің жартысына жуығы үш оңтүстік облыста шоғырланған: Алматы облысы (9,51 млрд теңге, 22,5%), Алматы (6,08 млрд теңге, 14,4%) және Шымкент (4,76 млрд теңге, 11,2%).

Сыртқы тоқыма киімдер (85%-ға), шұлық (43,6%-ға), бас киімдер (36,9%-ға) және теріден жасалған бұйымдар сегментінде (27,2%-ға) айтарлықтай өсу байқалады. Дегемен айтарлықтай өсімге қарамастан, сұраныста (ішкі нарық және экспорт) жергілікті өндірістің үлесі шамалы. Мәселен, өткен жылдың 11 айының нәтижесі бойынша отандық компаниялар сыртқы киім сегментіндегі сұраныстың тек 1,9%-ын, іш киім сегментінде 1,1%, сәбилерге арналған киім-кешек пен керек-жарақтар сегментінің 0,4%-ын ғана қамтыған.

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанға 576,1 млн долларға (55,4 мың тонна) трикотаж және тоқыма бұйымдары әкелінді.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға киім жеткізуші негізгі елдер – Ресей мен Өзбекстан, сонымен қатар Қытай, Түркия және Бангладеш киім-кешекке деген сұранысты өтеп отыр.

Өткен жылдың 12 айында елімізде киім бағасы 7,1%-ға өсті. Ерлер киімі 7,3%-ға, әйелдер киімі 6,7%-ға, балалар киімі 7,6%-ға қымбаттаған.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы