445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы тұрақтандыру қорының жұмысы қайта жанданды

  • 145
  • UPD: 20:10, 04.02.2020
Ақмола облысындағы тұрақтандыру қорының жұмысы қайта жанданды

Ақмола облысында былтыр жұмысын уақытша тоқтатқан тұрақтандыру қоры қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы қорға 2019-2020 жылдарға облыстық бюджеттен 317 млн теңге қаржы бөлініп, оған қарақұмық, күріш, май, сүт, ұн секілді 7 түрлі азық-түлік тонналап сатып алынған. Бұл өнімдер маусымаралық бағаның қымбаттауы кезінде халыққа арзан бағада сатылады.

«Осылайша, бағаның шарықтамауына сеп болмақ», - дейді мамандар. Одан бөлек, биыл облыс орталығында үш бірдей шағын базар іске қосылып, оларда да тұрақтандыру қорының сауда сөрелері жұмыс істейтін болады. Ал, қазір арзан азық-түлік Көкшетауда тек бір ғана сауда орталығында сатылып жатыр. Мәселен, ондағы тауарлар нарықтағы бағадан орташа есеппен алғанда 10-15%-ке төмен. Ал, қор шамамен бір жарым айға жетеді.

Гүлмира Жазина, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары:

- Күріш пен қарақұмықтың әрқайсысынан 20 тоннадан сатып алдық. Бұл, әрине, жеткіліксіз. Бірақ сатылымнан түскен ақшаға тағы да алып қоямыз. Ал, ұннан 2 мың тонна сатып алғанбыз. Ол Көкшетау қаласына толық жетеді. Оның бөлшек саудадағы бағасы да едәуір арзан.

Хабар 24 телеарнасы