422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістанды туризм орталығына айналдыру мақсатында жаңа жоба қолға алынды

  • 577
Түркістанды туризм орталығына айналдыру мақсатында жаңа жоба қолға алынды

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Әлемге құшақ ашқан Түркістан» атты жаңа жоба басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тың бастаманың негізгі мақсаты – көне шаһарды халықаралық туризм орталығына айналдыру. Ол үшін алдымен қызмет көрсету сапасын жақсарту керек. Ерікті жастар сол жүйені қалыптасыруға күш салмақ. Олар қаладағы туристер мен қонақтар көп баратын қоғамдық орындар мен мейрамханаларды аралап, қызметкерлер мен даяшыларға қағидалар жазылған жадынамалар таратты. Онда қалаға келген саяхатшыларға сапалы қызмет көрсету, жол сілтеу, алдамау, сыпайылық пен қонақжайлылық таныту сияқты кеңестер жазылған. Волонтерлер шаһардағы барлық кәсіпкерді осы игі бастаманы қолдауға шақырды. «Қалаға келген қонақтарға қызмет көрсету үшін әрбір адамның шет тілін білуі маңызды емес. Тек күліп қарсы алып, ұмытылмас саяхатта жүргендерін сезіндіруіміз қажет дейді.

Үміт Қанған, ерікті:

– Бұл мейрамханаларда бізді өте жылы қабылдап жатыр. Әкімгерлері бізді өздерінің ұжымымен таныстырып, оларға біздің «алтын қағидаларымызды» көрсетіп, оларға қалай жұмыс істелетінін түсіндіріп жатыр. Әрине, бұл бізді қуантатын жағдай.

Амалбек Өміртай, облыстық жастар ресурстық орталығы директорының м.а.:

– Облысымызға қонақтар келгенде қандай қарым-қатынас жасау керек? Осыған жауап беретін біздің «алтын қағидамызды» халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Осы бағытта біз жастардың күшімен, еріктілердің күшімен қызмет көрсету саласын жоғары деңгейге жеткізіп, облысымызды, Түркістан қаласын үлкен туристік әлеуетке ие болатын орталыққа айналдыруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы