448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев: Ауыл ақсақалдары ауызбіршілікті насихаттауы тиіс

  • 293
  • UPD: 21:55, 08.02.2020

Қақтығыс кезінде келтірілген материалдық шығын міндетті түрде өтелетін болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнында арнайы жұмысшы тобы құрылып, тиісті бағалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы үкіметтік комиссия басшысы Бердібек Сапарбаев жергілікті ақсақалдармен кездесу кезінде айтты. Қазір ауданда жағдай тұрақталған. Премьер-министрдің орынбасары қауіптің жоғын айтып, ауыл тұрғындарын баспаналарына қайтуға үндеді. Сондай-ақ комиссия басшысы ақсақалдардан жанжалдың басты себептерін анықтап білді. Мәлім болғандай, қақтығысқа тұрмыстық кикілжің себеп болған. Мұндай жағдайды болдырмас үшін ауыл ақсақалдары қоғамдық келісім мен ауызбіршілікті насихаттауы тиіс деді вице-премьер кездесу барысында.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Ең негізгісі, ағайындар кешегі болған жағдайды қайталамауымыз керек, сіз бар, біз бар, осында келген әскер, полиция қызметкрелері бар. Біз қауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыз етуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы