419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президенттік кадрлық резервтің тізіміне енгендердің ең жасы Алматыда тұрады

  • 531
  • UPD: 09:05, 09.02.2020

Президенттік кадрлық резервтің тізіміне енгендердің ең жасы – алматылық бағдарлама жасаушы Айбек Әлмұхаметов, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ол жас та болса, өзінің IT компаниясын құрып, командасымен бірге 60-тас астам жобаны жүзеге асырған. Жаңа технологияны жетік меңгерген жастар өндіріске, мектепке, кеңсеге тіпті, туристерге қажетті жобалар жасап шығарған. Оның ішінде, мектептегі және ойын алаңындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар көптің қызығушылығын тудырып отыр. 

Айбек Әлмұхаметовтың еңбек жолы студент кезіндегі стартап жобадан бастау алады. Бұл шағын жобада кезінде үш адам жұмыс жасайтын. Ал бүгінде ол ұжым 40 қызметкері бар IT-компанияға айналды. Олар қоғам үшін тиімді әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Мысалы, мына бағдарлама-адамның түр әлпетін алыстан танып біліп, ол туралы көптеген ақпарат бере алады. «Яғни, осы бағдарлама арқылы қоғамдық орындар, әсіресе балабақша мен мектептердегі қауіп-қатерлердің алдын алуға болады», – дейді Әлібек.

Айбек Әлмұхаметов, IT-компанияның негізін салушы:

– Біз балалар ұрлығы мен зорлығы мәселесімен күрескіміз келеді. Сондықтан осындай бағдарлама ойлап таптық. Мысалы, камераларға орнатылған бағдарлама арқылы мектепке келген бөгде адамның жынысын, жасын анықтап ол туралы біраз мәлімет алуға болады. Нақтылап айтсақ, бұл адам сол мектепке бірінші рет кіріп тұр ма немесе бірнеше рет келді ме деген сыңайлы.

Айбек Әлмұхаметов бастамашы болған тағы бір әлеуметік жоба-туризм саласына байланысты. Олар ойлап тапқан мобильдік қосымша, ел тарихынан мәлімет береді. Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында мынадай тақтайшалар ілінген тастар бар. Турист өзінің ұялы телефонын немесе планшетін осы тақтайшаға жақындатса болды, экрандағы гид сол аймақ туралы көптеген мәлімет береді.

Бұл жоба Өзбекстан, Қырғызстан сынды көрші елдерді де қызықтырып отыр. Ал Президенттік жастар кадрлық резервінің тізіміне еңген Айбек Әлмұхаметовтың алға қойған жоспары да көп. Талапты маманның ел игілігі үшін еңбек етеріне әріптестері де сенімді.

Арман Есенғожынов, IT-компанияның коммерциялық директоры:

– Мемлекеттік органдардың жұмыс істеу барысында  өте бір жағынан  креативтік, бір жағынан өз-өзіне сенімді  және де шешім қабылдай алатын адамдар көбірек қажет деп ойлаймын. Сол бір призмада Айбектің осыған сай екеніне, оның жетістікке жете алатынына сенімдімін.

Жас маман өзінің көптеген жобаларын өз кеңселерінде жүзеге асырған. «Ең алдымен бұл жайлылық пен қауіпсіздік», – дейді ол.

Авторлары: Алуа Маханбет, Анастасия Вылегжанина, Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы