423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жүздеген ақтөбелік қаржы пирамидасына сеніп сан соғып қалды

  • 614
  • UPD: 21:08, 10.02.2020

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тапқан-таянғанын «Голд» компаниясына санап берген азаматтар табысқа кенелеміз деп үміттенген. Сөйтсе, әлгі мекеменің әрекетінен тәртіп сақшылары қылмыстың ізін тауып, қызметін тоқтатқан. Ал қапыда қалған салымшылар бүгін осы компания кеңсесінің алдында жиылды.

«Голд» компаниясының кеңсесіне жүзге жуық салымшы келгенімен сыпайы менеджерлер де, қабағы қатулы күзетшілер де жоқ. Есігі тарс жабулы, ауласы қоршалған. Тек сабылып жүрген салымшылар ғана өз қолымен әкеліп берген қаржыны қайтара алмай әлек.

Жұмагүл Меңдіғалиева, қала тұрғыны:

– Ең аз салған адам осы жерде 300-ден. Одан төмені. миллионы бар, 5 миллионы бар. Енді халықтың 80 проценті салынып болды. Ақтөбенің 80 проценті салынып болды.

Полицейлердің айтуынша, бұл қарапайым қаржы пирамидасы болған. Яғни, 300 мың теңге салсаң, бір ай өте қаражатың екі есе қайтарылады. Қасыңа серік қосып әкелсең, үстемелеп берер проценті тағы бар. Бірақ мұнда      й әдіспен табысқа кенелуге еліміздің қылмыстық кодексі рұқсат бермейді. «Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету» бабы бойынша жауапкершілік бар. Алайда «Голдтың» салымшылары тәртіп сақшыларының өздерін айыптап отыр.

Қаржы мекемесінің қаншалықты заңды қызмет еткенін сот органдары анықтайтын болады. Бірақ жиналғандардың дені жәбірленуші екендігін мойындамай отыр. Сондықтан тергеуді тоқтатып, компания жұмысын қайта жандандыруды талап етуде. Айта кету керек, полицейлер бұл іс бойынша күдікті ретінде Ресей Федерациясының 2 азаматын қамауға алған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Евгений Годлевский, облыстық ПД басқарма бастығының М.А:

– Қазір бірқатар сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде. Нәтижесі белгілі болғаннан кейін істі сотқа жолдайтын боламыз. Тұрғындарға айтарым, тек ресми ақпаратқа сену керек. Барлық сұрақтарға полиция департаменті заң аясында жауап береді.

Тәртіп сақшыларына қойылған сұрақтар аз емес. Қазір бұл мекеменің әрекетінен зардап шегіп, арызданған азаматтардың нақты саны белгісіз. Қолды болған қаражат көлемін де подполковник шеніндегі қызметкер дөп басып айта алмады. Белгілісі Gold компаниясының кеңсесінде тінту жүргізіліп, құжаттары мен компьютерлері тәркілеген.

Авторлары: Мансұр Есқожин, Айнадин Молдабеков

Хабар 24 телеарнасы