377,19 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай соты прокурорлардың талап арызын ішінара қанағаттандырды

  • 116
Қостанай соты прокурорлардың талап арызын ішінара қанағаттандырды

Сот Ұлттық байланыс операторына қатысты қостанайлық прокурорлардың талап арызын ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Құзырлы орган өкілдері «Қазақтелеком» мен тұтынушылар арасындағы шарттың бірнеше тармақтары Азаматтық кодекске қайшы келетінін анықтаған. Яғни, прокурорлар келісімді мерзімнен бұрын бұзғандар үшін екі абоненттік төлемнің салынуын заңсыз деп таныды. Алайда, бұл талаптарды сот қабылдаған жоқ. Енді прокурорлар бұл істі облыстық сотқа жолдауды көздеп отыр.

Алтай Әбдіғали, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы:

– Абоненттік қызмет шартының мерзімсіз бұзылғанынан жауапкердің төлем талап ету әрекетін арызданушылар заңға қайшы деп тапқан. Ал байланыс қызметі тарифі байланыс операторымен белгіленеді. Сот жауапкердің байланыс қызмет түрін ұсынбағанын немесе ақы төлеуді талап етуге құқығы жоқтығын анықтады.

     

Хабар 24 телеарнасы