447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы екі мекемеде медицина мамандарының жалақысы көтерілмей қалған

  • 207
  • UPD: 23:33, 18.02.2020

Биыл дәрігерлердің жалақысы көбейгені белгілі. Бұған елмен бірге Талдықорғандағы мамандандырылған балалар үйі мен Шелектегі ақ халаттылар да қуанған. Бірақ Алматы облысындағы осы екі медициналық мекеменің мамандары ақшасын алуға келгенде еңбекақыларының өспегенін бір-ақ білген. «Жұрттан бөліп-жаратындай не жаздық» деп дәіргерлер де аң-таң.

Гүлбаршын Ахметханова балалар үйінде 11 жылдан бері еңбек етіп келеді. Тәжірибелі мейірбикенің жалақысы өзге мекемедегі әріптестеріне қарағанда әлдеқайда аз. Тастанды сәбилерді емдейтін маман қосымша қаражаттың басқаларға беріліп, өздеріне келгенде тарылып қалғанына таң.

Гүлбаршын Ахметханова, мейірбике:

- Дәрігерлерге 30 процент, медбикелерге 20 процент қосылғанда біз кәдімгідей қуандық, қалтамызға салып бергендей. Январьдің бірін кәдімгідей асыға күттік. Ақшамыз көбейеді. Бала-шағамыз бар. «Қымбатшылық кезде жақсы бола ма» деп ойладық. Айлықты берген кезде ешқандай өзгеріс жоқ. Даже азайып қалды. Потому что страховая медицинаға ұстағанда кәдімгідей аз болып қалды.

Бұл мекемеде денсаулық сақтау саласының 83 қызметкері жұмыс істейді. Олар 4 жасқа дейінгі 60-тан аса бүлдіршінді тәрбиелеп жатыр. Арасында сал ауруына шалдыққандары да бар. Тағдыр тәлкегіне түскен сәбилерді бағатын мамандар қалыптасқан жағдайға байланысты кәсіподаққа жүгініп, көмек сұраған.

Асан Шалтабаев, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіптік одағы талдықорған филиалының төрағасы:

- ГКП на ПВХ өткендерге барлығына қосылды. Ал енді ГУЗ болғандықтан қосылмай жатыр. Сондықтан біз қосымша хат жазып, министрлікке өзіміздің орталық комитетке жалақысын көбейту жағынан істер атқарып жатырмыз. Департамент финансирования минздрава дейді сол кісілермен көзбе-көз кездесіп отырып, осы сұрақты қойған болатынбыз. Енді бұл сұрақтың шешімі осы жылдың бірінші кварталында қаралып, наурыз айында беріле ме деп отырмыз.

Гүлбаршын Ахметханова мейірбикелер мен дәрігерлердің ғана емес,  педагогтар, бала күтушілер мен өзге де қызметкерлердің жалақысы көбейгенін қалайды. Өйтпеген жағдайда бір ұжымда жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласының мамандары екі түрлі еңбекақы алуы мүмкін екенін алға тартып отыр.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы