432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде қорғасын мен мырыш өндіретін жаңа кен орындары ашылуы мүмкін

  • 886
  • UPD: 22:52, 18.02.2020
Елімізде қорғасын мен мырыш өндіретін жаңа кен орындары ашылуы мүмкін

Еліміздің орталық, оңтүстік және Кенді Алтай өңірлерінде қорғасын мен мырыш өндіретін жаңа кен орындары ашылуы мүмкін. Сонымен қатар бұл аймақтарда вольфрам, молибден, алюминий мен сирек кездесетін элементтер кеніштерін ашуға мүмкіндік бар.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Санжар Жәркешовтың айтуынша, бүгінге дейін 76 учаскеде геологиялық зерттеу жүргізілген. Болжам бойынша еліміздегі алтын қоры 2300, мыс 33  млн тонна, ал полиметалл 35,6, сирек кездесетін металл ресурстары 500 мың тоннаға жуық. 

Санжар Жәркешов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

- Қазақстан  жер қойнауы бай шикізатты мемлекет болып саналады. Алайда Қазақстанның шикізаттық потенциалы әлі ашылмаған. Мысалы, Қостанай облысының, Орталық пен Шығыс Қазақстанның арасындағы аумақтардың және Қазақстанға іргелес еліміздің оңтүстігінің алтын кен орындарының потенциалы өте зор.

Хабар 24 телеарнасы