432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжілісте қаралып жатқан туризм туралы заңды қоғаммен талқылау керек – Сарапшы

  • 433
  • UPD: 16:21, 20.02.2020

Мәжілісте қаралып жатқан туристік қызмет жөніндегі заң жобасы сала жұмысын жетілдіруі тиіс.

Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай деп мәлімдеп, туризмнің ел экономикасына зор пайда әкелуі қажеттігін айтты. Жиынға туристік қауымдастық өкілдері қатысты. Үкімет ұсынған құжатта саланы дамыту жолдары нақтыланбаған. Сондықтан осы іспен айналысатын компания өкілдері мен сарапшылар заң нормаларын жетілдіруге кірісті. Бұл ретте мемлекеттік органдар туристік қауымдастықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керек. Әсіресе үкімет тарапынан қолдау, ынталандыру тетіктері енгізіліп, салықтық және кедендік жеңілдіктер жасалуы қажет. Жол инфрақұрылымы да жақсарса игі. 

Мұхтар Тайжан, сарапшы, қоғам қайраткері:

- Осындай заң жобаларын қоғаммен талқылау керек. Сонда ғана сапалы болады. Сондықтан мәжілістің осындай ашық талқылауын толық қолдаймын.

Ая Нұрдәулетқызы, индустрия және туризм ұлттық қауымдастығының президенті:

- Қазақстанның туризмнің дамуында бірінші рет болып жатқан жағдай. Тыңдаушы құлақ бар екенін, мемлекеттік қызметкерлер бар екені өте қуантады.

Хабар 24 телеарнасы