445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалық қаласында 29 адам қызылша ауруын жұқтырған

  • 188
  • UPD: 08:13, 21.02.2020
Арқалық қаласында 29 адам қызылша ауруын жұқтырған

Қостанай облысындағы Арқалық қаласында бірден 29 адам қызылша дертіне шалдықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 27-і мемлекеттік педагогикалық институттың студенттері. Науқастардың барлығы қаладағы өңірлік аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Яғни, дер кезінде оқшауланып, тиісті емшараларын қабылдап жатыр. Бәрінің де жағдайы бірқалыпты, дерттің асқыну белгілері байқалмайды. Қостанай облысында бұған дейін қызылша дерті соңғы рет былтыр жазда тіркелген. Осы жолы жұқпалы вирустың тасымалдаушылар оңтүстік облыстардан келіп оқып жатқан студенттер болуы мүмкін. Себебі қызылшамен ауырғандардың 19-ы Түркістан, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының түлектері.

Сәуле Нұрпейсова, Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз-хатшысы:

- Арқалық қаласы колледждері мен ЖОО студенттері арасында қатынаста болғандарға вакцинацияны регламенттеу мен эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шықты. Бүгінгі күні 698 қатынаста болған адам егілді.

Хабар 24 телеарнасы