431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендегі тіс емханасының қызметкерлері соңғы екі айдың жалақысын алмаған

  • 598
  • UPD: 21:16, 21.02.2020

Өскемендегі облыстық балалар тіс емханасының қызметкерлері соңғы екі айдың еңбекақысын ала алмай отыр. Бұл бүлдіршіндерге тегін ем-дом жасайтын қаладағы бірден бір мекеме. Алпыстан астам адам еңбек ететін медициналық мекеменің бүгінге дейінгі жалақыға қарызы 7 миллион теңгеге жеткен. Ал емхана басшылығы жалақының кешігуін жаңадан енген міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен байланыстырып отыр.

Емхана қызметкерлері соңғы рет еңбекақыны былтыр желтоқсан айында алған. Солдан бері жалақы алмаса да жұмыстарын бір күн үзген жоқ. Ал қаладағы дәл осындай емханалардағы әріптестері қаңтардың жалақысын толық және ақпан айы ақысының жартысын алып үлгірген. 

Айжан Ахмадиева, тіс дәрігері:

- Көбінде ипотка бар. Соның ақшасын төлеу керек. Ипотекадан банк айыппұл кетіп жатыр. Жқмысқа келуге кейбіреулердің ақшасы жоқ. Балалары бар. Оған күніне 350-ден ақша тқлейміз. Соның бәрі проблема болып тұр. 

Емханадағы 60 жуық қызметкердің 2 айға жуық жалақысыз отырғанынан өңірдегі салалық кәсіподақ ұйымының өкілдері де хабардар. Бірақ мәселені шешуге дәрменсіз. 

Айгүл Қасенова, тіс дәрігері:

- Осы жердегі кәсіподақ қолында не бар. ештеңе жоқ. Содан кейін сенімге төлейміз. Ай сайынғы кәсіподақ ақымызды. Ол кісілерде ештеңе шешпей жатыр. Енді бізді кәсіподақ қорғамаса кім қорғайды. 

Айгүл Дидахметова, медбике:

- Кеше ғана біз басшылыққа бардық. Бізге айтты жиырмасына дейін тосыңдар деп. Біз тостық. Ешкім келген жоқ. 

Емхана басшылығы жалақының кешігуін биылдан бастап енген міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгеріспен байланыстырып отыр. Бұрын қаражат мекеменің есеп-шотына тура түісп келсе, енді әлеумметтік сақтандыру арқылы аударылатын болған. 

Махамбет Имашпаев, облыстық балалар стамотологиялық емхананың бас дәрігері:

- Бұрын тікелей өзіміздің ММӘС-да жеке өзіміздің шотқа түсіп тұратын. Биылғы жағдайда біз орындаушы ретінде емханалар арқылы келісім жасап сол арқылы ақша келіп түседі.

Емхана басшылығы келісім-шарт жасап болғанша екі ай өтіп кеткен. Бірақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы жалақының кешігуін тікелей бас дәрігерінің жауапсыздығынан деп отыр. 

Виктор Ли, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Бас дәрігер осы бағыттағы жұмысты дұрыс ұйымдастырмады. Яғни, қызметкерлері медициналық-ақапараттық жүйеге мәліметтерді қалай еңгізу жолын жақсы білмеді. Соның салдарынан, мәліметтер біріңғай төлеу жүйесіне түспей қалған. Сондықтан еңбекақы кешікті. Бірақ қазір ол кемшіліктер жойылып жатыр. Емхана қызметкерлері келер аптада еңбекақыларын алады. 

Емханадағы медициналық қызметкерлер күніне 200-ге жуық баланың тісіне ем-дом жасайды. Аядай ғимарат қазір әбден тозған. Сондықтан оны балалар ауруханасына қосып, сол жаққа көшірілмек. Бірақ стоматологтар бұл шешімді құптамай отыр. Себебі «жұмыссыз қаламыз ба» деген қорқыныш бар.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы