437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облыстық сотында Абайға арналған жиын өтті

  • 283
  • UPD: 22:48, 21.02.2020
Түркістан облыстық сотында Абайға арналған жиын өтті

Абай өз заманының білікті заңгері болған. Ұлы ойшылдың Шар бойында жазған 160 баптан тұратын «Шар ережесі» еліміздің шығысынан бөлек Жетісу, Қытай өлкесіне дейін тараған. Ал оның жазған басқа да заңдары әлі де толық зерттелген жоқ.

Бұл туралы Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен өткен Ибраһим Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мерекелік жиында айтылды. Оған облыстық соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы, судьялар, журналистер мен жоғарғы оқу орнының студенттері қатысты. Заңгерлер бүгінгі сот жүйесіне енгізілген медиация институты Абай заманындағы дау-дамайды шешудің басты құралы болғанын айтады.

Шараға қатысушылардың айтуынша, ұлы ақынның өзі де қазақтың бұрынғы заңдарымен қатар орыс заңдарын жетік білген. Әрдайым елді ауызбіршілікке, әділдікке шақырып, қиянатқа жол бермеген. 

Нұржан Таштенов, экономикалық соттың судьясы:

- Жас кезінде би қызметін атқару жұмыстарына белсене қатысқан. Қылмыстық заңнамаларға да араласқан. Дау болған жерде бітімгершілікке шақыру мәселесі қазіргі заңда да сот жүйесінде бітімге келу дауды шешудің ең бір қолайлы жолы ретінде танылып жатыр. Оның өлең, сөздерінде де елді ауызбіршілікке, бітімге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы