443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда балабақшаны жеке меншікке берген мемқызметшілер жауапқа тартылды

  • 113
  • UPD: 10:44, 26.02.2020
Петропавлда балабақшаны жеке меншікке берген мемқызметшілер жауапқа тартылды

Петропавлда 3 балабақшаны сенімді басқаруға берген шенеуніктер жазаланды. Прокурорлардың тексерісінен кейін біраз былықтың беті ашылған.

Айталық, байқауды ұйымдастыру кезінде жобалық топ құрылмаған, лауазымды тұлға мен кәсіпкердің арасындағы қарым-қатынас қарастырылмаған. Талапқа сай келмейтін мәліметтер берілген. Осындай олқылықтарға жол берген облыстық білім және экономика басқармасы басшыларының орынбасарлары сөгіс алды. Ал қалалық білім бөлімінің жетекшісі Сара Рамазановаға қатаң сөгіс жарияланды.

Естеріңізге салайық, мәселені арнамыздың аймақтағы тілшілері көтеріп, бұл тақырып қоғамда қызу талқыланған болатын. Нәтижесінде балабақшалар мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Нұржігіт Сапаров, облыстық прокуратура басқармасының прокуроры:

- Қарау қорытындысы бойынша келісім-шарт бұзылды, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметші тарапынан мүдде жанжалы болған. Бірақ та соңғысының тарапынан өкілетті органға сәйкес хабарлама жіберілген.

Хабар 24 телеарнасы