424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте бейбіт митинг өткізу туралы заң жобасы талқыланды

  • 496
  • UPD: 23:51, 27.02.2020

Жиынға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер қандай?

Жаңа заң жобасын талқылауды Азаматтық қоғам істері комитеті ұйымдастырды. Ашық алаңда барлығы өз пікірлерін білдірді.

Жұмағали Білісбеков, қалалық азаматтық альянстың төрағасы:

- Қозғалыс бар, алға жылжу бар. Кемшіліктері болса да осы заңды қабылдау керек боп тұр. Мен өзім көрдім 3-4 ай болды толық талқылап жатқанымызға.

Баян Жандосова, қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы:

- Бейбіт жиынға шыққанның өзінде де әр адам өзінің пікірін айтуға құқылығы ғой, бірақ жиынға шыққанда соның алдында жұмыс бір комиссия болып, сол мәселені талқылап, +өзінің пікірін жеткізу үшін мәдениетті түрде жеткізу керек. 

Мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында митинг туралы заңға өзгеріс енгізу туралы тапсырма берген болатын. Сарапшылардың айтуынша, жаңа заң жобасының ең ұтымды тұсы – онда ұйымдастырушылар мен қатысушылардың және журналистердің құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Сондай-ақ қаланың ішінен бейбіт шеру өткізетін жер белгілетін болады.    

Әлия Ғалымова, азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы:

- Жаңа заң жобасында алғаш рет бейбіт митинг өткізуге рұқсат етпеудің нақты себептері айқын көрсетілген. Бұған дейін бұндай ережелер болған емес.

Бейбіт митинг өткізу туралы жаңа заң жобасы қазір еліміздің барлық аймағында талқылануда. Заңгерлер мен саяси партиялардың және үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесулер өткізіліп жатыр. Азаматтық қоғам істері комитеті қазақстандықтардың маңызды ұсыныстар айтып жатқанын және олардың заң жобасы қабылданар тұста міндетті түрде ескерілетінін атап өтті.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Попкова

Хабар 24 телеарнасы